Алматы. 6 маусым. ҚазТАГ – Алматыда нөсер жауын салдарынан 11 жерді су басу тіркелді, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«Нөсер жауын салдарынан қалада бір жарым сағаттың ішінде 15 мм жауын-шашын түсті, ал айлық нормасы - 56 мм, соған байланысты 11 жергілікті су басу орын алды. Оның ішінде көшелер – екеу, аула аумақтары – жеті, жертөлелер – екеу. Аудандар бөлінісінде: Жетісу ауданында - екі жағдай, Алмалыда - төрт жағдай, Алатауда - бір жағдай, Бостандықта - екі жағдай, Медеуде - екі жағдай», - делінген бейсенбіде тіркелген хабарда.
Құтқарушылар нақтылағандай, су басу салдарын жоюға 10 адам, төрттен астам техника, үш мотопомпа жұмылдырылған.
«Бес учаскеде су басу қаупі жойылған, қалған алты учаскеде жұмыстар жалғасуда. «112» кезекші бөлімі азаамтарданк еліп түскен 100-ден ас қоңырауды қабылдаған, барлық хабарлама бойынша қажетті су сору техникасын жұмылдыра отырып ТЖАБ, аудандық әкімдік қызметкерлері жіберілді», - деді ТЖД-ден.
Алматыда нөсер жауын салдарынан 11 жерді су басу тіркелді
