Алматыда NASA ғарышкеры Шэннон Уокердің қатысуымен Ғарыш апталығы 2019 өтеді

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ – Алматыда NASA ғарышкеры Шэннон Уокердің қатысуымен Ғарыш апталығы 2019 өтеді, деп хабарлады «Шеврон» компаниясының баспасөз қызметінен.
«4 -10 қазан аралығында Алматыдағы АҚШ бас елшілігі мен American Space in Almaty «Шеврон» компаниясымен ынтымақтаса отырып, Ғарыш апталығы 2019 шарасына шақырады. Қатысушыларды ғарыш саласының ғылыми-техникалық жетістіктеріне арналған ойын-сауықтық, шығармашылық және білім беру шаралары күтеді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ғарыш апталығы 2019 бүкіл әлемде «Ай. Жұлдыздарға апарар шлюз» деген ортақ тақырыппен аталып өтеді және Аполлон 11 миссиясының Айға қонғанына 50 жылдығына арналады.
«Осы жағдайға орай Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы Алматыға доктор Шэннон Уокерді шақырды, ол 2004 жылғы NASA астронавттар тобының мүшесі болған. Доктор Уокер 24/25 Экспедициясының – ХҒС бортындағы ұзақ миссиясының ұшу инженері ретінде қатысқан. Ол Байқоңырдан 2010 жылы ұшырылып, ғарышта 163 күн болған», - деді «Шевроннан».
4 қазаннан бастап Апта аясында дөңгелек үстел, презентациялар, көрмелер, іссапарлар, «Каменское плато» обсерваториясына саяхат, шебер кластар, конкурстар мен ойындар, тегін кино көрсетілімдер, және Ғарыш кеші жоспарланған! Қазақстандық ғарыш индустриясы институты мен болашақ инженерлер ғарыш өнеркәсібінің ғаламдық беталысын, Америка Құрама Штаттарының көшбасшылық рөлін, осы саладағы Қазақстанның зор үлесін талқылайтын болады.
«Шеврон» БАҚ-ты доктор Уокерден сұхбат алуға және Аптаның негізгі шаралары туралы жариялауға шақырады:
4-10 қазанда American Space & Makerspace Almaty және SmArt.Point-та көрме
Жұма, 4 қазанда ( American Space Almaty-да)
16.00 – 17.00 др. Шэннон Уокер-ді таныстыру және кездесу
17.00 – 18.00 др. Шэннон Уокермен жеке сұхбат (алдын-ала келісу бойынша)
18.00 – 20.00 Ғарыш апталығының ресми түрде ашылуы және NASA ғарышкері др. Шэннон Уокер мен басқа да қонақтардың сөз сөйлеулері
Сенбі, 5 қазан – Халықаралық Айды бақылау күні
14.00 – 15.00 «Жаңадан бастап жатқандар үшін астрофотография» дәрісі (барлық адам үшін ашық)
Сейсенбі, 8 қазан (American Space & Makerspace Almaty және SmArt.Point-те)
16.00 – 18.00 Kids’ Space Party (балалар басылымын шақырамыз)
18.00 – 21.00 Арнайы шақыртылған қонақтар, ойындар және басқа да көптеген шаралар қамтылған Ғарыш кеші 2019!
Сұхбат алу және басқа да сұрақтар бойынша Камшат Төлеулиевамен [email protected] немесе +7 777 227 44 16 бойынша хабарласуға болады.

adimage