Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ — Алматыда Наурыз мерекесінің тойлануына байланысты бірнеше көшенің бөлігі жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға дайындық кезінде және мерекелік іс-шараларды өткізер уақытта көлік қозғалысына шектеу жоспарлануда», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
Осыған байланысты сол күндері 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.
«Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары", - делінген хабарламада. Сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері "Астана" алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болатынын еске салады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді», - делінген хабарда.
Сонымен қатар 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі Абай даңғылы уақытша жабылады.
Алматыда Наурыз мерекесінің тойлануына байланысты бірнеше көшенің бөлігі жабылады
