Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында 60 тонна көже мен бауырсақ таратылатын болады

Күні: 17:21, 13-03-2019.

Алматы. 13 наурыз. ҚазТАГ – Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында 60 тонна көже мен бауырсақ таратылатын болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Баршаға дәстүрлі мерекелік тағамдар - көже мен бауырсақ таратылады. (...) Мереке 22 наурыздан бастап, тура бір айға, 21сәуірге дейін жалғасады. Жоспар бойынша 60 тонна көже мен бауырсақ таратылады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, ұлттық дастарханнан бөлек қаланың жеті ірі аймағында халық серуендері өтеді. Онда келушілер ұлттық дала асханасының өзге де тағамдарынан дәм тата алады, Алматының 40 мейрамханасы өздерінің үздік фирмалық тағамдарын ұсынатын көше бұрыштарын ұйымдастырады.
Атап өтелік, мерекелік күндер наурыздың 21-нен 24-не дейін жалғасып, ашық аспан астында фестиваль үлгісінде өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: