Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Алматыда Назарбаев даңғ. бойын ұңғылау жұмыстарына байланысты екі тәулікке жекеменшік сектордағы 517 үйдің газы уақытша сөндіріледі, деп хабарлады «Алматы» АҚ «Интергаз Орталық Азия» магистральді газ құбыры басқармасының филиалы.
«Назарбаев даңғылының бойын Жансүгіров көшесіне дейін ұңғылап, темір жол арқылы газ құбырын өткіземіз. Осыған байланысты Тобаяқов-Сейфуллин-Жансүгірова-Дарвин көшелеріндегі жеке сектордағы 517 үйдің газы уақытша өшіріледі», - деп хабарлады дүйсенбіде «Алматыгаз».
Еске салсақ, Назарбаев даңғылының бойында қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, ол қыркүйекте аяқталуы керек болатын, бірақ Алматы әкімдігінің ҚазТАГ ХАА сауалына берген ресми жауабына сәйкес тек қараша айында ғана толық аяқталатын болады.
Алматыда Назарбаев даңғ. бойын ұңғылау жұмыстарына байланысты екі тәулікке жекеменшік сектордағы 517 үйдің газы уақытша сөндіріледі
