Алматыда Назарбаев даңғылындағы бес қабатты үйден шыққан өрт ауыздықталды

Күні: 16:05, 02-08-2019.

Алматы. 2 тамыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда Назарбаев даңғылындағы бес қабатты үйден шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«Өрт ауыздықталды», - деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова жұма күні.
ҚазТАГ ХАА тілшісі хабарлағандай, Ж.Жамабев ат. балалар-жасөспірімдер кітапханасы орналасқан үй өртенген.
Қазір полиция ғимарат қасында жүргендерді қуып жатыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда Алмалы ауданы Назарбаев даңғылы 43 мекен жайында орналасқан бес қабатты үйдің шатыры өртенген. Хабарда атап өтілгендей, өрт сөндірушілер мен өрт сөндіруші құралдар көптеп жұмылдырылуда.
Куәгер атап өткендей, ертеңгісін ғимарат шатырында жөндеу жұмыстары жүргізілген, жұмысшылар қарақағаз төсеген, содан кейін өрт шыққан. Өрттен шыққан түтіннен қарақағаздың исі шығып жатыр.
Жол полициясы Назарбаев даңғылы бойында Мәметова көшесі мен Раимбек даңғылы арасындағы жолды жауып тастады. Өртеніп жатқан үйдің тұрғындары қауіпсіз жерлерге шығарылды.
Өрт сөндірушілерден басқа оқиға орнында жедел-жәрдем каретасы мен полиция көліктері де жүр.


Жаңалықтармен бөлісу: