Алматыда Назарбаев даңғ. ұңғыма жұмыстарынан кейін сәрсенбіде газды қосуға уәде берді

Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Алматыда Назарбаев даңғ. ұңғыма жұмыстарынан кейін сәрсенбіде газ беру жұмыстары  қалпына келтіріледі, деп хабарлады «Алматы» АҚ «Интергаз Орталық Азия» магистральді газ құбыры басқармасының филиалынан.
«Газ 2 қазанда сөндіріледі, ал 3 қазанда газ қайта беріледі. Осылайша газ тек бір тәулік қана болмайды», - деп мәлімдеді дүйсенбіде   «Алматыгаз».
Сонымен қатар, компания сейсенбі күні газды нешеде сөндіретіндерін және сәрсенбде нешеде үйлерге газдың қайта берілетінін нақтыламады.  
Еске салсақ, бұған дейін Назарбаев даңғылының бойын Жансүгіров көшесіне дейін ұңғылап, темір жол арқылы газ құбырын өткіземіз. Осыған байланысты Тобаяқов-Сейфуллин-Жансүгірова-Дарвин көшелеріндегі жеке сектордағы 517 үйдің газы уақытша өшірілетінін хабарлаған болатынбыз.
Назарбаев даңғылының бойында қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, ол қыркүйекте аяқталуы керек болатын, бірақ Алматы әкімдігінің ҚазТАГ ХАА сауалына берген ресми жауабына сәйкес тек қараша айында ғана толық аяқталатын болады..

adimage