Алматыда «Невада–Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті күдікке ілінді

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда «Невада–Семей» антиядродық қозғалысының вице-президенті Харон Дадаев алаяқтық күдігіне ілікті, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Алматы қалалық полиция департаменті азамат Д.-ның биыл қыркүйекте ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі 4-тармағы («алаяқтық») бойынша айып тағылып, ұсталғанын растайды», - деп хабарлады сейсенбіде ПД-нен.
Бұл ретте, полицейлер атап өткендей, қазіргі уақытта осы істің материалдары сот өндірісінің қарауында жатыр.

adimage