Алматыда қоғамдық көліктердің жүргізушілері базасының сайты әзірленді

Күні: 18:07, 27-03-2019.

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ - Динара Жаркеева. Алматыда қоғамдық көліктердің жүргізушілері базасының сайты әзірленді, деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындык Телібаев.
«Орталық Алматы қоғамдық көліктері жүргізушілерінің есептік тізілімін әзірледі. Базаға 3416 жүргізуші туралы мәлімет енгізілген», - деді Телібаев сәрсенбі күні қоғамдық кеңесте.
Сонымен, базада жүргізушілердің жұмыс орындары, еңбек өтілдері, бұзушылықтарының бар-жоғы, айыппұлдары, жолаушылардың пікірлері, автопарк әкімшілігінің мінездемесі туралы ақпарат бар.
Осы мәліметтер бойынша жүргізушілер рейтингі қалыптастырылып, жүргізушілердің «қара тізімі» жасалады.
«Аталмыш сайтты жолаушылар, әлеуетті жүргізушілер қолдана алады. Сайтта жоба туралы ақпаратты оқуға, жұмысқа өтінім беруге болады, жолаушылар жүргізушілер туралы пікірін қалдыра алады», - деді басқарма басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: