Алматыда қоғамшылдар ЦентрКредит банкінің қызметкерлерін озбырлық жасауда деп айыптауда

Күні: 16:13, 18-11-2014.

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда қоғамшылдар ЦентрКредит банкінің қызметкерлерін озбырлық жасауда деп айыптауда.
«Мен бұрынғы туысыма кепіл беруші ретінде болып, банкке келіп, кепіл туралы келісімге қол қойдық. Мен ақшаны көрген емеспін. Оның (туысының – ҚазТАГ) айтуынша бірінші транштан ол банкке «откат» төлеген. Ол ақшаны алған-алмағанын мен білмеймін. Білетінім, ол алғашқыда (пайыздарын) төлеп тұрған, кейін ол көзден таса болып кетті. Банк ол туралы маған хабар бермеді және 5-6 жылдан соң кепіл мүлік сатуға шығарылатынын хабарлап, ешқандай сатусыз мүлікті өз меншігіне тартып алды. Соттар ол шешімді бұзды, мүлік банк күзетінде, мені онда жібермейді», - деді кепіл мүлік беруші Василий Айрапетян сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Өз кезегінде, В.Айрапетянның сенімді тұлғасы Валерия Смирнова банк қызметкерлері кепіл мүлкі болып табылатын дәмханаға учаскелік полицейді де жібермей қойды дейді.
«18 шілдеде маған осы кафеден қоңырау шалып, беймәлім ер азамат келіп, кафені босатыңдар деп талап еткенін хабарлады. Мен ол ер азаматқа телефон шалдым, ол Ерлан Ермахановпын, Центр Кредит банкінің басқарушы директорымын деп таныстырды. Олар құлыптарды сындырып, ғимартты мөрлеп тастады. Біз оның ондай әрекеттеріне АІБД мен прокуратураға шағым түсірдік. Учаскелік полицей келген кезде оны күзет қызметкерлері жібермей қойды»,- деп түсіндірді олар. Бұл ретте В.Смирнова осындай жағдайларға ұшыраған азаматтарды бірігуге және бірлесе өз мүліктері үшін күресуге шақырды.
ҚР парламент депутаты Галина Баймаханованың көмекшісі Елнұр Бейсенбаеваның айтуынша, банк қызметкерлерімен кездесу мүмкін емес.
«Банктер Конституцияны толығымен аяқасты етіп, осындай әрекеттерге баруы нонсенс. Айрапетян тарапынан апелляция мен кассациялық сот жеңген, сондықтан банк әрекеті заңсыз. 2 апта өтті, ал банк ешқандай жауап бермей жатыр. Банкке кіру өте қиын. Бізде сот шешімінен жоғары ешнәрсе жоқ. Ал біздің банктер сот шешміне қарапайым адам шешіміне қарағандай қарап отыр. Бұл қорқынышты проблема», - деді ол.
Адвокат Айман Омарова түсіндіргендей, банк қызметкерлерінің әрекеті  - озбырлық.
«Таң қаларлығы өндіріп алуды мүлікке бұру үшін алдымен несие алғаннан өндіріп алу керек. Банк несие алушыдан өндіріп алмады, бірақ өндіріп алу әрекетін кепілге мүлік қоюшыға бұрып отыр. Кепіл мүлік беруші мүліктің саудаға қойылғаны туралы ешқандай ескерту алмады. Бұл банк қызметкерлеріне қатысты проблема. Банк қызметкерлері заңсыз әрекеттерге барды, себебі бізде сот шешімі бар. Ол шешім бойынша олар ол кафеге кіруіне де болмайды, ал олар кафеге иелік етіп отыр. Осы дәмханадағы мүліктердің бір бөлігі жоғалып кетті. Бұл озбырлық. ЦентрКредит банкінің қызметкерлері сот шешміне пысқырып та қарамай отыр», - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, 16 қазанда Алматы қоғамшылдары несие алғанда кепіл ретінде үшінші тараптың мүлкін алуға тыйым салуды ұсынды. Олардың айтуынша, ҚР АК 305 б. бойынша, несие алғанда кез келген үшінші тарап, оның ішінде несие алмаушы адам да кепіл бола алады. Қоғамшылдар БАҚ арқылы депутаттардан, заң шығарушы билікке,  сондай-ақ банк акционерлеріне осы норманы заңнамадан алып тастауға көмектесуін сұрады, бірақ оған әзірге жауап алған жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: