Алматыда олигарх Кайрат Боранбаев ұсталды

Алматы. 16 наурыз. ҚазТАГ – Алматыда олигарх Қайрат Боранбаев ұсталды, деп хабарлады сейсенбі күні жағдаймен таныс дерек көзі.
«Боранбаевты Алматыда қаржылай мониторинг қызметкерлері ұстаған. Ол бойынша алматылық департамент емес, басты - ҚМА астаналық кеңсесінің қызметкерлері айналысып жатыр. Қазір Боранбаев УҰИ-ге тоғытылды. Жақын арада Алматыда оның қатысуымен тергеу амалдары өтеді», - деп хабарлады ҚазТАГ редакциясына ақпаратқа қанық дерек көзі.
Қайрат Боранбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы келіні Әлима Боранбаеваның әкесі.

adimage