Алматыда қорғаныс ісі басқармасының бөлім басшысының МА қатысты тергеу аяқталды

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ – Алматыда қорғаныс ісі басқармасының бөлім басшысының МА қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Сыбайлас жемқорлық қылмыс күдігі бойынша Алматы қаласының Әуезов ауданы полиция басқармасының кезекші бөлімінің инспекторы (бұған дейін әскери басқарманың жергілікті органына іссапарға жіберілген) мен қорғаныс ісі басқармасының бөлім бастығының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Тергеу нұсқасы бойынша, мемлекеттік қызмет атқаруға құзырлы тұлғалар «азаматтарға әскери билет беру және әскери қызмет мерзімін кейінге шегеру сылтауымен жалпы сомасы Т470 мың көлеміндегі ақшалай қаражатты алаятық жолмен бірнеше мәрте иемденген деген күдікке ілінген».
«Қылмыстық іс күдіктілерді сотқа беру мәселесін қарау үшін прокурорға жіберілген», - делінген хабарда.

adimage