Алматыда орта деңгейдегі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ганди көшесінің бөлігіндегі қозғалыс уақытша жабылады

Күні: 17:48, 21-09-2018.

Алматы. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматыда орта деңгейдегі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ганди көшесінің бөлігіндегі қозғалыс уақытша жабылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Ганди көшесінде орта деңгейдегі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Назарбаев даңғылынан Батыс Желтоқсан көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Баспасөз қызметінде нақтылағандай, жол қозғалысы 22 қыркүйек сағат 08.00 - 24 қыркүйек сағат 18.00 дейін жабылады.  


Жаңалықтармен бөлісу: