Алматыда «От правды не убежишь» баннері үшін 15 тәулікке қамалғандарды босатты

Күні: 16:53, 06-05-2019.

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Алматыда «От правды не убежишь» баннері үшін 15 тәулікке қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековты босатты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бостандық! Әсия мен Бейбарысты қоғамдық кездесуден қорқып күтпеген жерден әкелді! Кім келгісі келеді, келіңіздер!» - деп жазды жексенбі күні өзінің Facebook парақшасында Жанар Жандосова – Төлесованың анасы.
4 мамырда қамауға алынған Төлесова камерада бірге отырғандар тарапынан қорқытулар мен арандатушылықтар болып жатқанын мәлімдеген болатын.
«Менің камераласым маған және анама жәбір көрсетемін деп қорқытуда. Оны 24/7 өрескел түрінде жасауда. Камерада темекі тартады. Әкімшілік менің шағымыма және қасымдағы Толғанайдың озбырлық әрекетіне мән берер емес. Бұл маған қарсы жасалған арандатушылық деп ойлаймын. Бүгін ол мені тыңдамағаным үшін ішімнен ұрды», - деп жазған Әсия Төлесова қорғаушысы Жанар Балғабаеваға.
Полицийелер оның камераласы тарапынан қорқытулар мен арандатушылық деректерінің болуын теріске шығарып отыр, алайда полиция департаментінің мәлімдемесіне қорғаушы Балғабаева қарсы, ол құзырлы тұлғалардың бұған дейін де оны тыңдамағандарын айтады. Полицейлердің нұсқасын Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі уәкілетті аппарат (омбудсмен) та теріске шығарды. Олар 4 мамыр күні түнде сотталғандардың бірі мен Төлесованың арасында жанжал туындағанын растады. Атап айтсақ, белсендінің камераласы оны итеріп жіберген.
Еске салсақ, 21 сәуірде Әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшелерінің қиылысында Алматы марафоны кезінде «От правды не убежишь», #УМЕНЯЕСТЬВЫБОР, #ADILSAILAYUSHIN деген жазулары бар плакаттар ұстап шыққан бір топ адам ұсталған болатын. Сот белсенділердің бесеуі ҚР ӘҚбК 488 бабы 3 бөлімін бұзған деп тапты. Сонымен сот шешімімен Төлесова мен Бейбарыс Толымбеков 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полицейердің әрекеті мен сот шешімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Атап айтсақ, 1 мамырда шамамен 80 адам Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бейбіт митингілер кезінде ұсталды. Қарсылық акциялары басқа қалаларда да өтті. Көшеге шыққан азаматтар сайлауға бойкот жариялап, елорданың атауын өзгертуге және АЭС құрылысына қарсылықтарын білдірді, сондай-ақ, Алматыда ұсталған белсенділер Төлесова мен Толымбековке қолдау танытты.


Жаңалықтармен бөлісу: