Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ – Алматыда қойма өртеніп жатыр, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
«18 шілдеде сағат 07.45-те ТЖД «101» тетігіне Жетісу ауданы Омаров к. 12в/1 мекен жайы бойынша орналасқан қоймадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Күш пен құралдар көбейтілуде. Қосымша ақпарат кейін беріледі», - деді Баймұхамбетова бейсенбіде.
Ол нақтылағандай, өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 15 бірлік техникасы мен жеке құрамдағы 43 адамы жұмылдырылған.

adimage