Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ - Алматыда қоймадағы өртті сөндіруге екінші тік ұшақ жұмылдырылды, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
«Өртті сөндіруге Алматы өрт сөндіру қызметінің 67 қызметкері мен 27 бірлік техникасы, өртті сөндіруге арналған су ағызатын құрылғысы бар тік ұшақ жұмылдырылды. Қазіргі таңда жеті рет су төгілген. Тілсіз жауды сөндіруге Алматы құтқару қызметінің борты да кірісті», - деп хабарлады бейсенбіде Баймұхамбетова.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда қойма өртенді. Қалалық ТЖД нақтылағандай, 18 шілдеде сағат 07.45-те ТЖД «101» тетігіне Жетісу ауданы Омаров к. 12в/1 мекен жайы бойынша орналасқан қоймадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Күш пен құралдар көбейтілуде.
Кейінірек ТЖД Алматыда қоймада шыққан өртті тік ұшақпен сөндіруге тырысып жатқандығын («Қазавиақұтқару» АҚ борты) хабарлаған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26