Алматыда қоймадағы өртті сөндіруге тік ұшақ жұмылдырылды

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ - Алматыда қоймадағы өртті сөндіруге тік ұшақ жұмылдырылды, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
«Қазавиақұтқару» АҚ бортын көтердік (тік ұшақ – ҚазТАГ). Алдын-ала ақпар бойынша қоймада 200 тонна лак-бояу заттары бар. Су ағызатын құрылғысы бар тік ұшақ жоғарыдан су шашуда», - деп хабарлады бейсенбіде Баймұхамбетова.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда қойма өртенді. Қалалық ТЖД нақтылағандай, 18 шілдеде сағат 07.45-те ТЖД «101» тетігіне Жетісу ауданы Омаров к. 12в/1 мекен жайы бойынша орналасқан қоймадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Күш пен құралдар көбейтілуде.

adimage