Алматыда педофиль деген күдікпен ер адам ұсталды

Күні: 16:44, 22-05-2020.

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ - Алматыда педофиль деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Кеше түнде Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері педофиль деп айыпталған күдіктіні ұстады. Оның тұрғылықты мекен жайы да жоқ екен», - делінген жұмадағы хабарда.
Жетісу ауданы полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсановтың айтуынша, басқармаға «қыз баланың анасы шақыртылғанын, ол қызына тиісушіліктің және зорлық әрекеттерінің болмағанын айтқан».
«Ал ұсталған ер адам өз кезегінде баладан сағат сұрағанын ғана айтты. (…) Оқиғаның мән-жайын ары қарай тексеру барысында анықтаймыз және оған құқықтық баға береміз», - деді Мұсанов.


Жаңалықтармен бөлісу: