Алматы. 9 сәуір. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда пневмониядан қайтыс болғандарға коронавирусқа тексеру үшін эксгумация жасалмайды, деп хабарлады қаланың тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
«Эксгумацияға қатысты – бір ауыздан, әрине, жоқ. Біз пневмониямен ауырған адамдар арасында өзіндік талдаулар жүргіземіз. 25 сәуірден бастап өкпе пневмониясымен ауырған адамдардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеру басталады. Бүгінгі таңда 248 адам тексерілді, оның 25-інде коронавирус инфекциясы анықталды», - деді Молдағасымова бейсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, пневмониядан қайтыс болғандармен байланыста болғандар тексеріледі.
«Өлген адамдарға қатысты қазір олармен байланыста болған адамдар арасында тексеру басталды. Қазір емхана қызметі науқас шыққан үйдегі ауру ошақтары, отбасында бірге тұратын адамдарды тексеріп жатыр. Алдағы уақытта қайтыс болған адамдармен бұрын бірге тұрғандар да тексеріледі», - деп атап өтті Молдағасымова.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 764 жағдайы тіркеліп, 58-і жазылып, жеті адам көз жұмған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34