Алматыда полицейлер қытайлық «Парацетамолды» жеткізу жолын анықтауға тырысуда

Алматы. 10 шілде. ҚазТАГ – Алматыда полицейлер қытайлық «Парацетамолды» жеткізу жолын анықтауға тырысуда, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Үш күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды заңсыз сатудың 11 дерегінің жолы кесілді. Тінту барысында 1,2 мың қорап тәркіленді, олардан 24 мың дәрі-дәрмек, COVID-19 анықтайтын 9 мың экспресс-тест табылды. Олардың жалпы сомасы Т2,5 млн. құрайды. Тәркіленген дәрілер арасында Қытайда шыққан «Парацетомол» да бар. Қазіргі таңда аталмыш дәріні Қазақстанға жеткізу жолы анықталуда», - деді жұма күні Алматы ПД бастығы Қанат Таймерденов.
Ол атап өткендей, аталмыш деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүгізілуде.

adimage