Алматыда психотропты заттарды сатқан күдікті ұсталды

Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ - Алматыда психотропты заттарды сатқан күдікті ұсталды, деп хабарлады ақпараттық polisia.kz. медиа порталынан.
«Алматыда психотропты заттарды сатқан 40 жастағы келіншек ұсталды. (…) Психотропты заттарды сатқан К. есімді азаматша қамауға алынды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Алматының полиция департаменті (ПД) есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетовтың айтуынша, «К.деген азаматшаның өзінің де есірткі қолданатыны белгілі болды».
«Ол да «әріптестері» секілді ораманы қаланың әр жеріне жасырып кетіп жүрген, кейін ақшаны алғаннан кейін өз сатып алушыларына «тауардың» қайда тұрғанын хабарлап отырған. Қажетті дәлелдер базасы жиналды. ҚР ҚК 297 бабы (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр», - деді басқарма басшысы.

adimage