Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ – Алматы әуежайында ұшу уақыты кем дегенде төрт рет ауыстырылған FlyDubai әуекоманиясы рейсінің ашуланған жолаушыларын желілік полиция бөлімінің өкілдері сабырға шақырды, деп хабарлады әуе кемесінің баспасөз қызметінен.
«Кесте бойынша осы рейс Алматы әуежайынан 6 ақпан күні таңғы 04:50-де ұшуы тиіс болатын. Жолаушылар тіркеуге кешеуілдеп шақырылды. Олар тіркеуден өтті, жүктерін тапсырып, ұшақтағы өз орындарына жайғасып та үлгерді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, 09:30-да жолаушылардан салоннан шыға тұруды сұрады. Сөйтсе, экипаждың рұқсат етілетін ұшу уақыты біткен екен. «Экипаждың демалуына» байланысты, ұшу уақыты 22:00-ге жылжытылды.
«16:00-де әуежайдың диспетчер қызметі рейстің ұшу уақыты техникалық себептерге байланысты, 7 ақпан, 05:05-ке ауыстырылғанын хабарлады. Кейін, жолаушылар лайнердің бортында отырған кезде экипаж генератордың ақауы бар екенін анықтаған», - делінген баспасөз парақшасында.
Әуежай ақпарынша, рейске қайта тіркеу 03:00-те ашылып, 05:30-да аяқталды. Әуе компаниясы ұшу уақытын одан кейін де екі рет кешіктірді: техникалық себептерге байланысты 06:50-ге, содан кейін тағы бір сағатқа. Соңында, рейске отырғызу 09:15-те басталып, 09:56-да ұшақ әуеге көтерілген.
«Осыншама уақыт бойы ұшақтың ұшуын күтіп, сұрағына жауап алмаған, ұшақтың кешігу себептерін анықтау мүмкіндігі болмаған жолаушылар, бұған әрине наразы болды. Алайда, әлеуметтік желіде айтылғандай, олардың әуежайда тәртіпсіздіктер жасағаны шындыққа жанаспайды. Рейске тіркейтін жерге келіп, дауыс көтере наразылық білдіргені рас», - делінген әуе кемесінің хабарында.
Сондай-ақ хабарланғандай, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері және желілік полиция бөлімінің өкілдері жолаушыларды сабырға шақырып, жылдам тәртіп орнатты.
«Алматы Халықаралық әуежайы оқыс оқиғаға байланысты FlyDubai әуе компаниясына ресми түсінік беруін талап етіп, сауал жолдады», - делінген хабарда.
Алматыда рейстің кешіктірілгеніне ашуланған FlyDubai әуекоманиясының жолаушыларын желілік полиция бөлімінің өкілдері сабырға шақырды
