Алматыда Сәтпаев көшесінің бөлігінде көлік құралдарының қозғалысы ішінара тоқтатылады

Күні: 18:30, 21-12-2018.

Алматы. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматыда Сәтпаев көшесінің бөлігінде көлік құралдарының қозғалысы ішінара тоқтатылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Сәтпаев көшесінің оңтүстік бөлігінде – Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін көлік құралдарының қозғалысы ішінара жабылады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Баспасөз қызметінде нақтылағандай, көлік құралдары қозғалысының ішінара жабылуы 22 желтоқсан сағат 08.00-ден 24.00 дейін «Алмалы» СОО-ға қосымша темірбетон плитасын төсеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты.


Жаңалықтармен бөлісу: