Алматыда Сейфуллин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында көлік қозғалысының сұлбасы өзгерді

Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ - Алматыда Сейфуллин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы өзгертілді, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасы қозғалыс қатысушыларының жиі шағымдары мен өтініштерін ескере отырып, Сейфуллин даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында қиылыс сызбасын өзгерту туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Осылайша, Сейфуллин даңғылы бойымен оңтүстікке қарай, ең шеткі сол жақ жолақтан Қабанбай батыр көшесінің бойына сол жақ бұрылыспен маневр жасай алады, шығыс бағытта Қабанбай батыр көшесінің бойында, сол жақ шеткі жолдан тікелей қозғалысты қосымша жүзеге асыруға болады.

adimage