Алматыда сейсенбі күні Зайсанда ұсталған белсенділерді қолдау мақсатында акция өтті

Күні: 11:57, 22-01-2020.

Алматы. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда сейсенбі күні Қытайдан қашқан этникалық қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының сотына барған Зайсанда ұсталған белсенділерді қолдау мақсатында акция өтті
«Біз белсенділеріміздің тек сотқа барып қолдау білдіргілері келгені үшін қамауға алынып жатқанына бүкіл жер шарының назар аударғанын, бәрінің білгенін қалаймыз. Оларды не үшін жапты? 29 адамды жауып тастады. Қандай негізде, жалпы оларды не үшін қамауға алды? Бұл ашық сот, олардың тып-тыныш Мұрагер мен Қастерді қолдау үшін барған белсенділерді жабуға құқықтары жоқ. Бұл не деген бассыздық? Қашан Қазақстанда әділдік орнайды?» - деді сейсенбі күні Астана алаңында қарсылық акциясына қатысушылардың бірі.
Акцияға қатысушылар Еуроодақ пен Еуропарламенттен қолдау көрсетулерін сұрады.
«Мырзалар, мен Еуроодаққа, Еуропарламентке айтып жатырмын. Қазақстан әбден шектен шықты. Біздің азаматтарды, біздің белсенділерді, Қазақстанның патриоттарын Зайсанда қыспаққа алуда. Олар Қытайдан қашып, Қазақстан шекарасына өтіп кеткен отандастарымызды қорғау үшін барды, оларды қамауға алды, оларға, отандастырмызға пана берілген жоқ. Еуроодақ, Еуропарламент, біз баршаңызды Қазақстанды қолдауға шақырамыз!» - деп мәлімдеді акцияға қатысушы..
Сонымен қатар жиналғандар белсенділерді ғана емес, Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын да, сондай-ақ саяси қамауға алынғандарды да босатуларын және бір адамдық пикет жасаушыларды да әкімшілік қамауға алу тәжірибесін тоқтатуды талап етті.
Акция соңында қатысушылар «Бостандық!» және «Свободу!» деп ұрандатты. Акция өткен жерде құқыққорғау орандарының қызметкерлері болған жоқ, шараның өтуіне ешкім кедергі келтірмеді.
Бұған дейін Мұсақанұлы мен Әлімұлын Зайсан соты бес ай 24 күнге бас бостандықтарынан айырды. Сонымен қатар белгілі болғаны олар елден шығарылмайды. Қытайдан қашқан қазақтарды қолдау үшін Шығыс Қазақстан облысына ондаған белсенділер келді, алайда олардың бір бөлігін 21 қаңтар күні кешкісін Зайсаннан шығар жерде полиция ұстаған. ШҚО полиция департаментінде белсенділерді ұстауға қатысты ақпаратты растаудан бас тартты, оқиға орнында құқыққорғау органының өкілдері де өз әрекеттеріне түсінік бермеді.
Еске салсақ, 14 қазанда ҚазТАГ ХАА Кастер Мусаканұлы мен Мурагер Алимулы – этникалық қазақтар, Қытай азаматтары, 1 қазанда шекарадан заңсыз өткендер деп хабарлаған еді. Оладың айтуынша, олар қытайлық биліктің этникалық азшылықты қудалауынан қашып келген. 10 қазанда олар билікке беріліп, өз жағдайларын айтып, Қазақстаннан саяси қорған сұрау үшін Алматыға жеткен. Кейін екеуі де қамауға алынды.
5 желтоқсанда ҰҚК баспасөз қызметі әлеуметтік желіге ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановтың берген сұхбатын жариялаған еді, ол сұхбатында Қытайдан Қазақстанға саяси қорған іздеп қашқан этникалық қазақтар – ҚХР екі азаматына қатысты жағдайға түсінік берген еді.
6 қаңтарда ШҚО Зайсанда Мұсақанұлы мен Әлімұлына қатысты сот басталды. Оларды «мемлекеттік шекарадан әдейі заңсыз өту» бабы бойынша жауапқа тартуда. Сот екі этникалық қазақты қолдаушылардың жаппай мәлімдемелері фонында өтіп жатыр.
Босқындар статусы туралы БҰҰ конвенциясы – 1950 жылғы 14 желтоқсандағы БҰҰ Бас ассамблеясының 429 (V) резолюциясына сәйкес шақырылған уәкілетті өкілдер конференциясында 1951 жылы 28 шілдеде Женевада қабылданған конвенция. Конвенция «босқындар» түсінігіне анықтама береді және босқын статусы берілетін жалпы негіздерді белгілейді. Конвенция мемлекеттік қауіпсіздік мүддесіне орай босқындарды қайтаруға жол береді, бірақ оларды қудалаудан қауіптеніп, оларды қашып келген елдеріне қайтаруға тиым да салады.
Қазақстан Конвенцияға 1998 жылы қосылған.


Жаңалықтармен бөлісу: