Алматыда үш адамның өліміне себеп болған ЖКО-ға жол берген көлік жүргізушісінің ісі сотқа жіберілді

Күні: 19:26, 29-01-2019.

Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ - Динара Жаркеева. Алматыда Абай даңғылы мен Сейфуллин даңғылының қиылысында үш адамның өліміне алып келген ЖКО-ға жол берген шетел көлігі жүргізушісінің ісі сотқа жолданды, деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Бүгін Алматының Алмалы ауданының прокуратурасы 1985 ж.т. Ілияс Қарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол абайсызда үш адамның өліміне алып келген жол жүру ережесін бұзғаны және жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткені үшін (ҚР ҚК 345 б. 4б. 347б.) айыпталуда»,- делінген сейсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ, ведомствода атап өткендей, қылмыстық іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды және толық әрі объективті тексеру қамтылды.
Еске салсақ, 2018 жылы 29 желтоқсанда Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында Mercedes Benz G55 көлігінің жүргізушісі І.Қар жол жүру ережесін бұза отырып,  Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан, сосын қылмыс орнынан жасырынған.
ЖКО салдарынан  Mitsubishi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде көз жұмса, түрлі жарақат алған бір азамат жедел-жәрдем ауруханасына жеткізілген


Жаңалықтармен бөлісу: