Алматыда үш баланың анасын ұру және зорламақ болу дерегі бойынша тергеу басталды

Күні: 18:15, 05-01-2020.

Алматы. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Алматыда үш баланың анасын ұру және зорламақ болу дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Аталмыш дерек бойынша Түрксіб ауданының полициясы ҚР ҚК 24 баптың 3 бөлімі және 120 бап (зорлауға оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, оның аясында жүргілізіліп отырған тергеу амалдарының толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілік қағидалары сақталады», - делінген жексенбіде таратылған хабарда.
Бұған дейін «Немолчиkz» қоғамдық қозғалысының белсенділері Facebook-те пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жасап, нәпақасын тауып жүрген үш баланың анасын мас жұмысшының зорламақ болғаны туралы жазған еді. Хабарда атап өтілгендей, әйелді жалақы беріп жатыр деген сылтаумен шақырып алып, қатты соққыға жыққан. Күдіктіге оның ағасы көмектескен. Олардың арам ойларын жүзеге асыруға, хабарда айтылғандай, әйелдің айқайы кедергі жасаған. Әйелдің қатты даусын естіген көршілері полиция шақырған. Қозғалыс ақпарынша зардап шегуші бес күн бойы ес-түссіз жатқан.


Жаңалықтармен бөлісу: