Алматыда Шәкен Аймановтың қола мүсіні ашылды

Алматы. 16 мамыр. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматыда қазақ режиссері Шәкен Аймановтың қола мүсінінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін «Тақиялы періште» фильмі түсірілген Алматы қонақ үйінің алдында күн сайын 120 мыңнан астам адам өтетін Панфилов көшесінің қасында осы ескерткішті орнатуды шештік. Ең алдымен осы үлкен оқиғамен Шәкен Аймановтың туыстары мен жақындарын құттықтаймын», - деді бейсенбі күні қала әкімі Бауыржан Байбек.
Жұмыс авторы қазақстандық мүсінші Нұрлан Далбай.
Кинорежиссердің қола мүсіні табиғи 1,2 көлемде жасалып, граниттен жасалған 30 сантиметрлік тұғырға орнатылған.  
Ескерткіштің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері Бибігүл Төлегенова, Юрий Померанцев, Асанәлі Әшімов қатысты.
«Шакен Айманов «Алма-Ата» қонақ үйінде, «Есік» мейрамханасында жиі болатын, осы жерде сүйікті киномыз «Тақиялы періштенің» барлық түсірілімі өтті. Сондықтан нақ осы жерде оның ескерткішін орнатуды шештік: себебі осы қонақ үй мен Шәкен Кенжетайұлының фильмдері – біздің қаламыздың тарихын сақтайтын заттар. Мүсін мейірімді, мәнерлі болып шыққан, ол барша алматылықтарға ұнайды деп ойлаймын. Шәкен Айманов – аңыз тұлға және біз оның артына қалдырған естеліктері мен мұрасына ұқыпты қарауымыз керек», - деді Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.
Шакен Айманов – қазақ актері, режиссер, КСРО халық әртісі, Сталин премиясының, Қазақ КСР Мемлекеттік премиясының лауреаты. Шәкен Айманов жанры бойынша әр түрлі фильмдер түсірген - трагедиялар, комедиялар, киноочерктер, драмалар. Аймановтың шығармашылығы шетелге де танымал. Халықаралық кинофестивальде қазылар алқасының мүшесі ретінде ол АҚШ, Англия, Италия, Франция, Мысырда болған. Киноактердің шығармашылығындағы басты рөлдің бірі «Жамбыл» фильміндегі рөлі болатын. Шекспирдің 400 жылдығы кезінде Англияда Айманов сахнадан Отеллоның монологын оқыған. Сол кезде алғаш рет ұлы Шекспир  қазақ тілінде Англияда оқылған еді.

adimage