Алматыда шамамен мыңға жуық ескі үй сүріледі

Күні: 16:27, 17-09-2018.

Алматы. 17 сентября. КазТАГ – Динара Жаркеева. Амтыда 1000-ға жуық ескі үйлерді сүру ұсынылған, деп мәлімдеді ҚазҰЗЖИ атқарушы директоры Ералы Шоқбаров.
«Бүгінгі таңда сүруді талап ететін үйлердің саны 1000-ға жуық. Оларды бұзу бойынша жұмыстар жасалып жатыр», - деді Е. Шоқбаров дүйсенбідегі сейсмикалық семинарда. Оның айтуынша, мұндай нұсқаулықтар Алматының барлық аудандары бойынша берілген. «Өткен ғасырдың 30-40 жылдары аралығында салынған үйлер каркас пен қамыстан, ағаштан тұрғызылған. Олардың көпшілігі эксплуатациялық мерзімінен өтіп кеткен. Бұл үйлер қазіргі сейсмотұрақты құрылыс талаптарына сай келмейді», - деді ол.
Мысал ретінде ол Жандосов көшесінің Алтынсарин мен Береговой көшелерінің арасындағы қосқабатты каркас пен қамыстан жасалған үйлер мен кірпіштен тұрғызылған бәкене үйлер сүріліп, олардың орнына 9-12 қабатты үйлер тұрғызылатынын айтты.  



Жаңалықтармен бөлісу: