Алматыда шетел көлігі ағашқа соқты; бес адам зардап шекті

Күні: 11:41, 09-07-2019.

Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ - Алматыда шетел көлігі ағашқа соқты; бес адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ЖКО Сейфуллин даңғылында оңтүстік бағытта, Тобаяқов көшесіне жетпей орын алды. Mazda көлігі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта жылжып келе жатқан. Жапондық көлік жүргізушісі белгісіз себептерге байланысты рөлді басқара алмай, электр бағанасына соғып, жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа барып соққан. ЖКО салдарынан бес адам зардап шеккен: Mazda көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы», - деді «ҚазТАГ» ХАА тілшісіне сейсенбі күні оқиға куәгері.
Оның айтуынша, зардап шегушілердің үшеуінің жағдайы ауыр, екеуіне медициналық көмек көрсетілген – олар ауруханаға жатқызылмаған.
ЖКО мән-жайын ары қарай анықтаумен полиция айналысуда.


Жаңалықтармен бөлісу: