Алматыда шетел көлігі ер адамды қағып, жеке тұрғын үйдің қабырғасына соқты

Күні: 14:49, 24-07-2019.

Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ - Алматыда шетел көлігі ер адамды қағып, жеке тұрғын үйдің қабырғасына соқты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ЖКО Тәжібаев көшесінде «Қалқаман-2» ықшамауданында орын алды. Mazda көлігі шығыс бағытта Тәжібаев көшесімен жүріп келе жатқан. Шетел көлігінің жүргізушісі белгісіз себептерге байланысты рөлін басқара алмай, жолдың жиегіне шығып кетіп, 1956 ж.т. ер адамды қағып, қақпаны қиратып, жеке тұрғын үйдің қабырғасына барып соққан. Түрлі жарақат алған ер адам жедел жәрдем көлігі келгенге дейін №7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады сәрсенбіде ЖКО куәгері.
Жүргізушінің айтуынша, ол әйелімен бірге келе жатқан, ал әйелі кенет рөлді бұлғақтатып жіберген, соның салдарынан ол рөлін басқара алмай қалған.
Ары қарай жағдайдың мән-жайын полиция анықтайтын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: