Алматыда шетел көлігі Рысқұлов даңғылындағы қоршаудың 15 секциясын қиратты

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ - Алматыда шетел көлігі Рысқұлов даңғылындағы қоршаудың 15 секциясын қиратты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында ЖКО орын алды. №47 автобус Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан, сол бағытта Lexus RX-300 көлігі де келе жатқан. Автобус жүргізушісі жолдың басқа жолағына шықпақ болған, сол кезде Lexus жүргізушісі қорқып кетіп, алдын-ала ақпар бойынша рөлін солға бұрып, жол жиегіне шығып кетіп, металл қоршаудың 15 секциясын қиратып әкетіп, автобусқа соққан», - деді «ҚазТАГ» ХАА тілшісіне оқиға куәгері бейсенбіде.
Оның айтуынша, зардап шегушілер жоқ.

adimage