Алматыда әскери міндетті-еріктілерден 300-ден астам қоңырау келіп түсті

Алматы. 6 сәуір. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Алматыда әскери міндетті-еріктілерден 300-ден астам қоңырау келіп түсті, деп хабарлады қаланың қорғаныс ісі департаментінің бастығы Амантай Өсербаев.
«Өте көп қоңыраулар келіп түсуде (әскери міндетті-еріктілерден – ҚазТАГ). Бүгінгі таңда 300-ден астам қоңырау түсті. Біз олардың мәліметтерін зерттеп жатырмыз, денсаулықтарын тексерудеміз, себебі басты талап - әскери қызметке жарамдылық. Қаулыға қол қойылған күні (қала әкімі – ҚазТАГ), әр әскери міндетті медициналық бақылаудан өтеді, содан кейін олардың әрқайсысының коронавирусты жұқтырып алмау шараларын қарастырамыз», - деді Өсербаев дүйсенбідегі брифингте.
2 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойған болатын, жарлықта әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру көзделген.
Кейін ҚР бас штабы бастығының орынбасары Руслан Шпекбаев әскери міндетті қазақстандықтар медициналық қызметке, су тасқынымен күреске және ҚР азаматтарының денсаулығын тиімді қорғауға қажетті дезинфекция жүрізуге және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылатынын түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 629 жағдайы тіркеліп, 45-і жазылып, алты адам көз жұмған еді.

adimage