Алматыда соққыдан көз жұмған екі жасар баланың ісі қайта өзгертілді

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ - Алматыда соққыдан көз жұмған екі жасар баланың ісі қайта өзгертілді, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Алматы ауруханасында полициясы өгей әкесі ұрған екі жасар баланың қайтыс болғанын растады. Еске салсақ, күдікті бірден ұсталып, қамауға алынған болатын. Ол кінәсін мойындап түсінік берді. Қазіргі таңда қылмыстық іс ҚР ҚК 99 бабына (адам өлімі) өзгертілді және ПД тергеу басқармасына сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін берілді», - деп атап өтті Алматы қаласының Полиция департментінен.
Бұған дейін хабарлағандай, Алматыда алдын-ала болжам бойынша өгей әкесі ұрған екі жасар бала қайтыс болды. Алматының денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, екі жасар бала ауыр соққылардың салдарынан ертеңгісін 08.00-де қайтыс болған.
Еске салсақ, 23 қыркүйекте сағат шамамен 16.00-де Алатау ауданы ПБ кезекші бөліміне қаладағы ауруханалардың біріне 2017 ж.т. баланың ес-түссіз жеткізілгені туралы хабар келіп түскен. Дәрігерлер оның көптеген жарақаттар алғанын анықтады. Алматының полиция департаментінен хабарлағандай, бала комада болған. Баланы өгей әкесі ұрған деп күдіктелуде. Ол қамауға алынды. ҚР ҚК 106 бабы 1 бөлімі бойынша (денсаулыққа әдейі ауыр зиян келтіру) тергеу амалдары басталды.
Кейін Алматының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, соққыға жығылған екі жасар балаға шұғыл түрде ота жасалған, бірақ ол бұрынғысынша комада болған.

adimage