Алматыда СОО жұмысының уақыты қысқарады

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Алматыда сауда-ойын сауық орталықтарының жұмысы қысқарады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жұмыс күндері СОО, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмыс уақыты сағат 10.00-20.00 аралығында шектеледі, ал сенбі және жексенбі күндері олардың жұмыс жасауларына тыйым салынады»,- делінген бейсенбідегі Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында.
Күтіліп отырғандай, жаңа қаулы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

adimage