Алматыда сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі басшысы МА пара алу күдігіне ілікті

Астана. 22 қараша. ҚазТАГ – Алматыда Алматы қаласы әділет басқармасының Бостандық ауданы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім басшысы міндетін атқарушысы пара алу күдігіне ілікті, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінен.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік және персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласы әділет басқармасының Бостандық ауданы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім басшысы міндетін атқарушысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша әшкереледі. Ол сот актісін орындамау фактісі бойынша мүлікке тыйым салу шарасын қолданбау және ішкі істер органдарына материалдарын жібермеу үшін ЖШС директорынан 2 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде», - делінген жұмадағы хабарда.
Ведомствода атап өткендей, күдіктінің кінәсін толық мойындауына және оның сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетілген өндірісте аяқтау туралы өтінішіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

adimage