Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ - Алматыда Төле би көшесі учаскесінің біріндегі жол бес аптаға жабылады, деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» (АЖЖ) ЖШС баспасөз қызметінен.
«13 маусымнан 18 маусымға дейін Төле би көшесінің бойы Мұқанов көшесінен Байзақов көшесіне дейін батыс бағытта жабық болады. Жолды уақытша жабу көшенің осы бөлігімен өтіп жатқан магистральды құбыр өткізгішке жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты орын алып отыр», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Бұл ретте АЖЖ нақтылағандай, бұл аудандағы үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су беру тоқтатылмайды.
«Алматыда ескі құбырларды жаңасына ауыстыруды қарастыратын инженерлік жүйеге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу қалалық жылумен жабдықтау жүйесі жұмысының қаупін төмендету үшін керек», - деді компаниядан.
Алматыда Төле би көшесі учаскесінің біріндегі жол бес аптаға жабылады
