Алматы. 25 шілде. ҚазТАГ - Алматыда Төле би көшесіндегі үш квартал екі тәулікке автокөліктер үшін жабық болады, деп хабарлады қаланың энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан.
«26 шілде күні кешкі 20:00-ден бастап 28 шілде 19:00-ге дейін Төле би көшесінде А.Байтұрсынов пен Б.Шағабутдинов аралығы автокөліктер үшін жабық болады. Бұл учаскеде су, кәріз, жылу желілерін айырбастау жоспарланған», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Басқармада нақтылағандай, құбырларды жаңарту арқылы жылыту маусымында апаттың санын азайту көзделген.
Алматы тұрғындары мен қонақтарынан «уақытша қолайсыздыққа түсінікпен қарауын және аталмыш учаскені айналып өту схемасын алдын-ала жоспаралауды» сұрайды.
Алматыда Төле би көшесіндегі үш квартал екі тәулікке автокөліктер үшін жабық болады
