Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде жол қозғалысы уақытша жабылады

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ - Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде жол қозғалысы уақытша жабылады, деп хабарлады «Алматы жылу желісі» ЖШС баспасөз қызметінен.
«19 шілдеде сағат 22.00 – 21 шілде 06.00 аралығында Төле би көшесі бойында Чокин көшесімен қиылысатын ауданда жол қозғалысы уақытша жабылады. Уақытша шектеулер осы аралықтағы жол бөлігіне төселген магистральды құбыр өткізгішті жоспарлы түрде ауыстырумен байланысты», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, тозығы жеткен құбырларды жаңасына ауыстыруды қарастыратын Алматы инженерлік желісіне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу қалалық жылумен жабдықтау жүйесі жұмысына төнетін қауіпті азайту үшін керек.

adimage