Алматыда Төреғали Төреәлі тағы екі құқық бұзушылық бойынша айыпты деп танылды

Алматы. 4 шілде. ҚазТАГ – Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі тағы екі ұқық бұзушылық бойынша айыпты деп танылды, деп хабалады агенттік тілшісі.
«Сот шешімімен А. 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және алты айға көлік құралын басқару құқығынан айырылды», – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.
Төреғали Төреәлиге Алматы көшелерінде көлік жүргізіп келе жатып, тұтас қос жолақты жол белгісі бар жерде бұрылған және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған деген айып тағылып отыр.
«14 маусым күні Алматы көшелерінде көлік жүргізіп келе жатып, тұтас қос жолақты жол белгісі бар жерде бұрылған және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған», – делінген хабарда.
Хабарда көрсетілгендей, әнші аталмыш деректі растап, өкініш білдірген. Ол ҚР ӘҚбК 596 бабы 3 бөлімі бойынша айыпты деп танылған.
Еске салсақ, бұған дейін Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде ЖКО жол бергені үшін 20 тәулікке қамауға алынған еді. Сосын оған тағы да үш тәулік қосылды.

adimage