Алматыда Түрксіб ауданында «Сергек» камераларының саны екі есе көбейтіледі

Алматы. 30 маусым. ҚазТАГ - Алматыда Түрксіб ауданында «Сергек» камераларының саны екі есе көбейтіледі, деп мәлімдеді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
«Ағымдағы жылы жолдардағы Сергек аппараттық-бағдарламалық кешендерінің саны екі есе көбейтіледі – 82-ден 160-қа артады (141 АБК желілік учаскелерде, 19-ы бұрылыстарда)», - деді Досаев Алматының Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде.
Сонымен қатар, қосымша 322 бейнебақылау камералары орнатылады, оның ішінде 111-і жол бұрылыстарында, 76-ы аулаларда, 18-і саябақтар мен гүлбақтарда, 90-ы денсаулық және білім беру нысандарында, 15-і діни нысандарда, 10-ы базарларда.

adimage