Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – Алматыда тұтандырғыштарымен бірге сегіз гранатаны сатпақ болған азамат ұсталды, деп хабарлады Қазақстанның ҰҚК баспасөз қызметінен.
«ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. 2019 жылғы 28 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың үш қатысушысы «А», «Р» және «М» сегіз «РГД-5» граната жүйесін және оларға тоғыз тұтандырғышты өткізбекші болған кезінде ұсталды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Комитетте нақтылағандай, ҰҚКД сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Алматыда тұтандырғыштарымен бірге сегіз гранатаны сатпақ болған азамат ұсталды
