Алматыда тұңғыш инклюзивті IT-лагерь өтіп жатыр

Күні: 19:03, 04-04-2019.

Алматы. 4 сәуір. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматыда тұңғыш инклюзивті жастар IT-лагері өтіп жатыр.
«Біз мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған осы IT-лагерді қолдауды шештік. Бұл лагердің мақсаты – қандай да бір әлеуметтік проблемаларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты проблемаларды шешуге бағытталған өз жобаларын таныстыра алуы үшін IT-білімге, IT-технологияларға оқыту. Біздің мақсатымыз – білімді таратуды, соның ішінде IT-технологияларды таратуды қолдау. Белгілі болғандай, цифрландыру – біздің республикадағы стратегиялық бағыттардың бірі, сондықтан біз осы лагерді қолдауды шештік, әрине ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдар да біздің назарымызда. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмысқа тұрғызуда бәсекеге қабілеттіліктің төмен деңгейі проблемасын шешуге зор мән берілуде», - деді бейсенбіде шараның ұйымдастырушысы, Chevron компаниясының қоғаммен байланысын үйлестірушісі Жанар Кошпанова.
Сонымен, 5 күнге созылған IT-лагерге Қазақстанның түрлі өңірінен 24 қатысушы келді, оның 16-ның мүгедектігі бар, олар бағдарлама жасауға, сайт жасауға, жобалық менеджмент негіздеріне, маркетингке, саудаға, робототехникаға, мобильді қосымшалар жасауға және жобаларын таныстыруға үйренеді. Сонымен қатар, оқыту барысында заманауи онлайн-құралдар, инклюзивті тәжірибелер мен ірі компаниялардың жетекші мамандарының тәжірибелері қолданылады.
Соңынан қатысушылар конкурсқа қатысады. Конкурстың басты сыйлығы олардың жобасын жүзеге асыруға берілетін грант болмақ.
Жоба «Мұңаймайтын мүгедектер қоғамы» ҚҰ («ОО «Общество Неунывающих Инвалидов») «Ерекше таңдау-Шелек» КҚ Chevron компаниясымен бірге Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің және Орталық Азияның Еуразия қорының қолдауымен жүзеге асырған.


Жаңалықтармен бөлісу: