Алматыда тағы үш белсенді оларды полицейлердің жауапқа тартып жатқандары туралы мәлімдеді

Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ – Алматыда тағы үш белсенді оларды полицейлердің жауапқа тартып жатқандары туралы мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Маған жаңа ғана полициядан хабарласып, маған қатысты іс материалымен танысуым керектігін айтты. Айгүл Нұрболатова және Айдос Нұрболатовпен де сондай жағдай болған. Мен Татьяна Чернобильге хабарластым – бұл құқыққорғаушы, ол іс материалымен танысу деген жауапқа тартуды білдіреді деді», - деп хабарлады дүйсенбі күні азаматтық белсенді Сүйнбике Сүлейменова.
Ол басқа да бір топ азаматтармен бірге қамауға алынған белсенділер Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толыбековты қолдау үшін қалалық сот ғимаратына келген еді.
Еске салсақ, 21 сәуірде Әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшелерінің қиылысында қолдарында «От правды не убежишь», #У меня есть выбор, #ADILSAILAYUSHIN деген плакаттары бар бір топ адам ұсталған. Екі белсендіні –Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толыбековты ҚР ӘҚбК 488 бабы 3 бөлімі бойынша (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыс, митингілер шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және жөткізу туралы заңнамасын бұзу) кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Аталмыш шешімді қоғам өкілдері айыптап жатыр. 22 сәуірде Алматы полициясының департаменті Төлесова мен Толыбеков «марафон қатысушыларына айқын сыйламау» танытты деп мәлімдеді.
22 сәуірде ұсталған белсенділерді қолдау үшін Алматы қалалық соты ғимаратының алдына бір топ адамның жиналғаны белгілі болды.

adimage