Алматыда тау арасында жоғалып кеткен алматылық тик-токер табылды

   Алматы.8 маусым.ҚазТАГ- Алматыда тау арасында жоғалып кеткен алматылық тик-токер табылды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
  «1986 жылы туған ер адамның 6 маусымда сағат 15:00 шамасында Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрхан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай, ол Tik-Tok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізетін алмытылық саяхатшы болып табылады. Жедел жүргізілген апаттық-құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды сағат 12:00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бурхан бұлақ сарқырамасынан 12 шақырым қашықтықта тапты»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
Медициналық көмектің қажеттілігі болмады.
Іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 бірлік техника, кинологиялық есеп, 2 қызметкер және аудандық полиция бөлімінің 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

adimage