Алматыда тегін «МЕТРО» газеті шығарыла бастады

Алматы. 17 ақпан. ҚазТАГ- Алматыда тегін «МЕТРО» газеті шығарыла бастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Достар, қуанышты жаңалықпен бөліскім келіп отыр! Жаңадан «МЕТРО» газетін шығара бастадық. Газеттің алғашқы 12 мың данасын Алматы метросында, сонымен қатар танымал супермаркеттердің сөрелерінен тегіннен-тегін ала аласыз. Мен үшін бұл айрықша маңызға ие жағдай. Бұл идеямды 2006 жылдан бері жүзеге асырғым келіп жүрген. Мен оқитын ұрпаққа сенемін және біз оқу өнерімізді жоғалтпауымыз керек деп санаймын», - деді жұма күні газетті шығарушы-ҚазТАГ агенттігінің тең негізін қалаушы Әсет Матаев.
Ол атап өткендей, қазіргі әлеуметтенушылар ададардың цифрлық детоксқа талпынуының жиілеуін микротрендтің артуы деп атауда.
«Адамдар технологиядан шаршауы мүмкін, бірақ білім мен қажет ақпараттан емес. Редакция сіздер үшін қазақ, орыс тілдерінде жаңалықтар, талдау және әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тақырыптарға шолу әзірлейтін болады, кейін ағылшын тілінде дайджест шығатын болады. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар!» - деді Матаев.

adimage