Алматыда терминалдарды сөндіргені үшін автобус паркі маршрутты тоқтатып тастауы мүмкін

Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ - Алматыда терминалдарды сөндіргені үшін автобус паркі маршрутты тоқтатып тастауы мүмкін, деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасынан.
«АвтоТрансГаз» ЖШС тасымалдаушысы қызмет көрсететін №16 бағыттағы автобуста соңғы күндері жол ақысын электронды төлеу терминалдарының сөндірілу жағдайы жиілеп еткен, бұл көптеген азаматтардың шағымдануына себеп болған. (…) «АвтоТрансГаз» ЖШС Бауыржан Кулишев бастаған басшылығы аталмыш дерек туралы хабардар етілді және бұл бұзушылықтар қайталанған жағдайда Алматы қалалық мобильділік басқармасы аталмыш бағытқа қызмет көрсету шартын бұзуға дейін тиісті шаралар қабылдайтынын жеткізді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда түсіндірлігендей, Алматы көлік холдингі қызметкерлері жүргізген тексеру барысында маршрут жүргізушілерінің өз беттерінше терминалды сөндіріп тастап, қолма-қол ақша жинағандары белгілі болған, бұл ретте «Оңай» сервистік орталығына терминалдың бұзылғандығы туралы өтінім түспеген.
Еске салсақ, 2018 жылдың 30 желтоқсанынан бастап «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсететін автобустар мен троллейбустарда 2505 қысқа нөмірі арқылы SMS-төлем жасау тоқтатылған болатын. Қызмет операторы - SMSBus ЖШС мұны былай түсіндірді, қаладағы жалғыз тасымалдаушы «Алматыэлектротранс» олармен шарт жасағысы келмейді. Сондықтан ЖТжАЖБ жауабында меморгандардың қандай да бір кәсіпорынды (бұл жағдайда «Алматыэлектротранс» ЖШС мен SMSBus ЖШС) өзара шарт жасауға міндеттей алмайтыны айтылған, себебі «заңды кәсіпорындар арасында шарт жасау өзге тараптардың құқығы болып табылады».
Бұдан басқа, ЖТжАЖБ мәлімдегендей, бұған дейін «Greenbuscompany» ЖШС қызмет көрсетіп келген қоғамдық көліктің барлық бағыты (21 автобус пен 8 троллейбус) 2018 жылдың соңында конкурс өткізілгенге дейін «Алматыэлектротранс» ЖШС-ға берілген.
Бүгінгі таңда жеке автобус парктері қызмет көрсететін Алматыдағы қоғамдық көліктің 42-сінде ғана sms-төлем жүргізу мүмкіндігі бар.
«SMSBUS жұмыс жасайтын Алматы қаласындағы автобус бағыттары: 1, 4, 7, 11, 13, 15, 16, 17, 20, 22, 23, 25, 27, 29, 29P, 31, 34, 47, 48, 49, 50, 54, 57, 60, 62, 65, 67, 72, 78, 81, 102, 104, 104A, 106, 112, 119, 122, 126, 128, 129, 141, 441», - делінген smsbus.kz сайтында.
Бұған дейін хабарланғандай, «Алматы көлік холдингі» («Оңай» жүйесінің операторы) қазақстандық ұялы байланыс операторларының ынтымақтастығымен Алматыдағы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу бойынша бірыңғай қысқа нөмірмен sms арқылы төлем жасау жобасын әзірлеуде. Оны енгізу 2018 жылдың аяғына жоспарланған болатын.
15 қаңтарда Beeline абоненттері келесі аптадан бастап Алматыдағы барлық автобустарда sms-төлем арқылы жол ақысын төлеу мүмкіндігіне ие болатыны белгілі болған еді.

adimage