Алматыда террористік актілер жасауға дайындалған шетелдік күдіктілер тобы ұсталды –ҰҚК

Күні: 12:38, 14-01-2019.

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ - Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде Қазақстанда террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орта Азия елдерінің азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Ақпарға сәйкес, арнайы операция 10 қаңтарда өткен.
«Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Тергеу нұсқаысна сәйкес, ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларының тапсырмасы мен олардың басшылылығымен әрекет еткен. Олар жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматы қаласында халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға ниет еткен
«Тергеу амалдары жалғасуда», - деді баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: