Алматыда тез дайындалатын кеспедегі ГМО-ның нормадан жоғары екені анықталды

Күні: 18:56, 22-09-2020.

Алматы. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматыда тез дайындалатын кеспеден гендік түрлендірілген ағзаның (ГМО) артқаны анықталды, деп хабарлады ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК баспасөз қызметінен.
«ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының мамандары Оңтүстік Кореядан келген «Джин Рамен» тез дайындалатын кеспесінің 3 үлгісінде және «Butter Соокіеѕ Danish Pride» түрік печеньесінің бір сынамасында зерттеу барысында ГМО мөлшерінің артқанын анықтады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 89 тамақ өнімдерінің сынамасын сатып алды.
«Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі гендік түрлендірілген сояның құрамы 1,4%-дан 10,25% - ға дейін, печеньеде 47,75% - дан асады. Бұл ретте өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ. Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011 ж.) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9% - дан аспайтынын атап өткен жөн», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, өнімді өткізушілер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтерме сауда базарларында оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатып алды. Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сауда желісіндегі сәйкес емес өнімді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
«Өздеріңіз білетіндей, ГМО қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуін, сондай-ақ аллергиялық аурулардың пайда болу қаупін арттырады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: