Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігінің салдарынан орын алған ЖКО-да қыз бала зардап шекті

Күні: 10:56, 29-05-2019.

Алматы. 29 мамыр. ҚазТАГ – Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігінің салдарынан орын алған ЖКО-да қыз бала зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Shacman жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жүргізуші белгі берген, бірақ оның жолында тұрған көліктер кетіп үлгермеген. Нәтижесінде ол «ГАЗель» көлігіне соққан, сөйтіп ары қарай серпінмен тағы алты көлікке соққан. Нәтижесінде екі адам зардап шекті – бала – Nissan Safarі джипіндегі қыз бала, оны түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізді», - деді ҚазТАГ ХАА тілшісіне оқиға куәгері.
ЖКО Саин көшесінің бойында Қабдолов көшесіне жетпей орын алған.
«ГАЗель» жүргізушісіне жедел жәрдем көлігі келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол ауруханаға жатқызылған жоқ», - деді оқиға куәгері.


Жаңалықтармен бөлісу: